Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қостанай облысында коронавирус жұқтырған жүкті әйел аман-есен босанды

2020 жылдың 11 маусым 2020 23:15

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының ауылында КВИ жұқтырған келіншек өмірге сәби әкелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, жүкті келіншек Сovid-19 вирусын жұқтырып, ауруханаға түскен. Әйел бүгін аман-есен босанды.

«Бала мен ананың жағдайы қанағаттанарлық. Әйел арнайы стационарда, еш қиындықсыз босанды. Сәбидің салмағы – 4,7 келі, бойы – 59 см. Қазір екеуі де оқшаулағыш бөлмеге көшірілді. Дәрігерлер қорғаныш құралдарын киіп, қызметін атқарды» - делінген ведомствоның ақпаратында.

Айта кетейік, бүгінгі жағдай бойынша Қостанай облысында 10 адам індеттен жазылып шықты.



Жоғары қарай