Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қостанай облысында екі бала терезеден құлап кетті

2020 жылдың 5 тамыз 2020 23:51

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласында 4 күн ішінде екі бала үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші оқиға бүгін облыс орталығындағы 8-ші шағын ауданда болған. 3 жасар бала екінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Құқтарушылардың айтуынша, бала москит торын ұстап тұрған.

Қазір жарақат алған бала облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімінде жатыр. Дәрігерлер «жабық бас сүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы» диагнозын қойған.

ТЖД мәліметі бойынша 1 тамыз күні кешке таман Қайырбеков көшесінің бойындағы үйдің бесінші қабатынан 2015 жыл туған бала құлап кеткен.

«Баланың ата-анасы жұмыста болған. 4 жасар қыз өзінен ересек балалардың қасында қалады. Ойнап жүрген қыз терезеге шығып кетеді. Москит торы үзіліп кетіп, төменге құлаған. Бірнеше жерден жарақат алған бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр деп бағалануда», - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.

Облыстық ТЖД балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.


Жоғары қарай