Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қостанай облысында егіс жұмыстарына қосымша дизель отыны бөлінді

2020 жылдың 11 наурыз 2020 17:39

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында егіс жұмыстарын жүргізуге 397 мың тонна дизель отыны бөлінді. Бұл туралы өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл басында облыстағы егіс жұмыстарын жүргізуге Энергетика министрлігінің келісімі бойынша 387 мың тонна дизель отыны бөлінген-ді. Алайда, ауа райының күрделі жағдайларын ескере отырып, ауыл шаруашылығы министрлігі қосымша 10 мың тонна қарастыруды ұсынған.

«Бұл барлық аудандардың дизель отынына деген сұранысын толық жабуға мүмкіндік берді. ҚР Энергетика министрлігі мұнай өндіру зауытында дизель отынының бағасын ақпан және наурыз айларында литрі 161 теңге деп белгілегенін атап өту қажет. Бұл – 1 тонна үшін 194 мың теңге. Операторларды жеткізуді ескере отырып, өңірлерде литріне орташа баға 177 теңгені құрайды. Қазіргі уақытта аймақтарда операторлармен шарт жасасып, бөлінген отын көлемі үшін ақы төленуде», - деді ҚР АШМ вице-министрі.

Сонымен қатар, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ АӨК субъектілерін қолдау үшін республикалық бюджеттен 70 млрд теңге бюджеттік несие бөлді. Бұл бұрынғыдан 10 млрд теңгеге артық. Несие алушылар үшін жылдық сыйақы мөлшерлемесі 7%-дан аспайды.

Шаруаларға несие «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ екінші деңгейлі банктердің, кредиттік серіктестіктердің, өңірлік инвестициялық орталықтар мен микроқаржы ұйымдарының кепілдігі арқылы тікелей берілетін болады.


Жоғары қарай