Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында браконьерлерді ұстайтын 62 мобильді топ құрылды

2020 жылдың 24 қараша 2020 22:26

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы Қамысты ауданындағы «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында заңсыз аң аулады деген күдікпен бірнеше адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Патрульдік полиция қызметінің аға инспекторы Саят Әбілкәкімов пен аға сержант Алмат Өтепов Қамысты ауылы маңында «Mitsubishi Pajero» автокөлігін тоқтатады.

«Көлік ішінде үш жергілікті тұрғын болған. Тексеру барысында патрульдік полиция қызметкерлері еліктің кесілген етін, сондай-ақ өлтірілген жануардың қанымен ластанған екі мылтық, пышақ және жеке заттарды тәркіледі. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 337-бабы бойынша тіркеліп, тергеу жүргізілуде», делінген полиция ақпаратында.

Айта кету керек, полицейлер табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу мақсатында үнемі рейдтік іс-шаралар өткізіп тұрады. Ол үшін облыста 62 мобильді топ құрылды.


Жоғары қарай