Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қостанай облысында блокпосттардың бірінде жол-көлік оқиғасы болды

2022 жылдың 12 қаңтар 2022 16:55

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Жол-көлік оқиғасына жүк көлігінің тежегіштерінің дұрыс жұмыс істемеуі себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы комендатурасына сілтеме жасап.

Қостанай облысының комендатурасы Меңдіқара ауданындағы жол-көлік оқиғасы бойынша «2022 жылғы 11 қаңтарда сағат 19.10 шамасында Қостанай-Мамлютка тас жолының 60-шы шақырымында, «VOLVO-12» ауыр жүк көлігінің 45 жастағы жүргізушісі бақылау-өткізу пунктіне жақындап қалған сәтте тежегіш жүйесінің техникалық ақауы салдарынан жол жиегінде тұрған «JAC S-3» қызметтік көлігімен, сондай-ақ бақылау-өткізу пунктінде тұрған «Lada – Гранта» көлігімен соқтығысқанын хабарлады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ»,- делінген комендатура хабарламасында.

Аталған факті бойынша ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі «Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы« бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.


Жоғары қарай