Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында бизнес субъектілерінің саны 5,4% өсті

2021 жылдың 3 желтоқсан 2021 19:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы 10 айының қорытындысы бойынша өңірде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5,4% ұлғайды. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус пандемиясымен байланысты қалыптасқан жағдайға қарамастан, біз кәсіпкерлікті дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мұны шағын және орта бизнес саласындағы негізгі көрсеткіштердің оң динамикасы айғақтайды. 2021 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өңірде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5,4% ұлғайды. Бұған қоса өнім өндірісі де 20,6% артты, бұл ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнес үлесін 27,1% жеткізуге мүмкіндік берді (2020 жылғы 6 айда – 26,5%)», - деді А. Мұхамбетов.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда облыста 54,5 мың шағын және орта бизнес субъектісі бар, оларда 158,6 мың адам жұмыс істейді.


Жоғары қарай