Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қостанай облысында балықшылар мінген көлік көлге батып кетті

2020 жылдың 1 сәуір 2020 22:08

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында балықшылар мінген көлік мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Меңдіқара ауданының Алакөл көлінде болған. Бір топ балықшы мінген Mitsubishi Padjero көлігі жағалауға 200 метрдей қашықтық қалғанда мұз астына түсіп кеткен.

«Балықшылар көліктен шығып үлгерді. Ұялы байланыс желісі арқылы жергілікті құтқарушыларды шақырды. Сағат 21:30 шамасында Меңдіқара ауданының ТЖ бөлімі қызметкерлері оқиға орнына келіп, жағдайды бағалады. Балықшыларды Боровское ауылындағы кәсіптік-техникалық колледж жатақханасына орналастыру туралы шешім қабылданды. Келесі күні балықшыларға көмек көрсетуге Қостанайдан жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келді» делінген ТЖД ақпаратында.

Жасақ қызметкерлері мұзға батқан көлікті арнайы техниканың көмегімен алып шықты. Содан кейін балықшылар Қостанай қаласына жеткізілді.


Жоғары қарай