Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында әйелдер күштерінің альянсы құрылды

2020 жылдың 24 қыркүйек 2020 00:42

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанайда әйелдер күштерінің альянсы жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде белгілі болды.

«Қазақстан халқының басым бөлігі әйелдер болғанымен, маңызды шешімдер қабылданған кезде әйелдер іс жүзінде тыс қалып жатады. Шешім қабылдауға келгенде әйелдердің белсенділігі байқалмайды. Гендерлік теңгерім сақталмайды. Сондықтан Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы әйелдер күштерінің альянсын ашуды ұсынды. Өкілдік әр аймақта ашылды», - дейді Қостанай облысы бойынша саясаткер әйелдер клубының төрайымы Римма Бектұрғанова.

Бұл ұйымның негізгі миссиясы – еліміздегі әйелдердің өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру.

«Дәлірек айтқанда, әйелдерді маңызды шешім қабылдау деңгейіне көтеру, олардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту, зорлық-зомбылық деңгейін төмендету, алимент төлету мәселелерін алға тартамыз. Біз қиын жағдайда қалған әйелдерге көмек көрсетуге дайынбыз, заңгерлер, психологтар және басқа да мамандар бар», - дейді жеке сот орындаушылары алқасының төрағасы, әйелдер күштері Альянсының басқарма мүшесі Несібелі Бәсенова.

Мұндай жұмыс бұған дейін де іскер әйелдер қауымдастығында жүргізілген. Ал әйелдер күштерінің альянсы оны іс жүзінде нықтауға мүмкіндік бермек.


Жоғары қарай