Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында ауыл шаруашылығы техникасын қайта өңдеу жобасы іске қосылады

2021 жылдың 3 желтоқсан 2021 18:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жақында Қостанай облысында ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға және қайта өңдеуге бағытталған жоба іске қосылады. Бұл туралы өңір әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Келесі жоба ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға және қайта өңдеуге бағытталған («Авторисайклинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі). Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталуға жақындады. Бір аптадан кейін осы жобаны іске қосамыз», - деді А. Мұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, жыл сайын мұнда жылына 5,5 мыңдай ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуды жүзеге асыру жоспарлануда.

«Көрші облыстарындағы ескі техникалардың барлығын біздің өңірде утилизация жасаймыз», - деді облыс әкімі.


Жоғары қарай