Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында ауа райына байланысты арнайы топ құрылды

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 12:34

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында ауа райының күрт бұзылуына байланысты арнайы топ құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, 22-23 қаңтар күні аймақта 4 құтқару операциясы өтті.

«Құтқару жұмыстары Амангелді, Қостанай, Әулиекөл және Алтынсарин аудандарында жүргізілді. Өрт сөндіру қызметі және авариялық-құтқару жұмыстары отрядының және аудандардың төтенше жағдайлар бөлімдерінің күшімен қар құрсауында қалған 22 адам құтқарылдды. 9 автотехника жолдардың қауіпсіз бөлігіне шығарылды», – делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.

Осы күндері өңірде қардың мол түсуіне байланысты облыстық, аудандық маңызы бар жолдарды тазалау үшін жол техникалары қолданылып, арнайы топ құрылды. Дегенмен қазіргі уақытта мына автожол бағыттарына уақытша шектеу қойылды:

Қойбағар-Қарасу-Севастополь, Ұзынкөл-Сарыкөл, Қарасу-Большая Чураковка, Рудный-Федоровка, Майлин-Варваринка-РФ шекарасы, Сарыкөл-Большие Дубравы.

Р-36 Қостанай-Әулиекөл-Сұрған, Екатеринбург-Алматы, Қарабұтақ-Рудный, Денисовка - РФ шекарасы

«23 қаңтарда облыс аумағында дабылды ескерту жарияланды, боран соғады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, түнде екпіні 30 м/с. Ескертулерге қарамастан автокөлік иелері елді мекендерден ұзақ қашықтыққа шығады. Мұндайдан бас тартыңыздар. Өз өміріңізге қауіп төндірмеңіз! Қажет болған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз»,- дейді ТЖД өкілдері.


Жоғары қарай