Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Қостанай облысында алимент төлемеген әкелер қоғамдық жұмыстарға тартылады

2020 жылдың 23 ақпан 2020 01:56

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында алимент қарызын төлеуден жалтарғандар мәжбүрлі қоғамдық жұмыстарға тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Былтыр облыс соттары алимент өндіруге қатысты 2 мың 298 істі қараған. Бүгінде олардың саны көбеймесе, азайған жоқ. Судьялар алимент төлеуге міндеттеу шешімінің орындалуы қиын екенін айтады. Борышкерлер көбіне өтінішті елемей, табыстарын жасыруға тырысады.

«Жұмыссыз отырғандар да алимент төлейді. Егер борышкер жұмыс істемесе, оған Қазақстандағы орташа еңбекақы бойынша есептеледі. Қазір орташа айлық көлемі 200 мың теңге шамасында. Борышкердің бір баласы болса, айына осы соманың төрттен бірін аударып отыруы керек. Облыста алименттен бас тартқандардың дені табысын жасырады. Олармен күрес жалғасады. Соның бірі – мәжбүрлі қоғамдық жұмыстарға тарту», - дейді облыстық мамандандырылған ауданаралық сотының ресми өкілі Қарлығаш Сәлімжанқызы Шармұхаметова

Облыста 500-дей әке алимент қарызын төлемей жүр. Олардың қарызы 300 млн теңгеге жетіп қалған. Жақында облыстық мамандандырылған ауданаралық сотында ресурстық орталық ашылмақ. Онда кәсіби заңгерлер алимент қарызын төлемей немесе өтей алмай жүрген ата-аналарға тегін кеңес береді.

Жоғары қарай