Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында 65 ауыл әкімінің 46-сы қайта сайланды

2021 жылдың 26 шілде 2021 17:51

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында өткен ауыл әкімдерін сайлау қорытындысы жарияланды. Бұл туралы брифингіде Қостанай облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Александр Малашко мәлім етті, деп хабарлайдыҚазАқпарат.

Сайлау 168 елді мекен кіретін 65 сайлау округі бойынша өтті және дауыс беру178 сайлау учаскесінде өтті.

Сайлау өткізу кезеңінде учаскелік сайлау комиссияларының 881 мүшесі жұмысістеді. Сайлау облыстың 168 елді мекенінде өткізілді. Дауыс беруді ұйымдастыру кезінде сайлау заңнамасының сақталуын саяси партияның 207, қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдардың 279 өкілі бақылады. Сайлау учаскелеріне әкім лауазымына үміткерлердің 239 сенімді өкілі қатысты.

Сайлаушылар тізіміне барлығы 46 799 адам кірді. Қатысу 84,4%.

Барлығы 148 кандидат болды, оның 59-ын саяси партиялар ұсынды.

5 сайлау округінде кандидаттар тек өзін-өзі ұсыну арқылы сайлауға түсті.Үміткерлердің ең көбі – Ұзынкөл ауданындағы Троебратский ауылында. Саяси партиялар ұсынған, NurOtan-нан сайланған кандидаттар – 52, «Адал» партиясынан – 2, «Ауыл» партиясынан – 2, «Ақжол» партиясынан– 2. Өзін-өзі ұсынған 88 әкімнің 7-і сайланды. Сайланған 65 әкімнің 56-сы мемлекеттік қызметші, оның ішінде 46 әкім өзінің сайлау округіне қайта сайланды. 3-уі – басқа ауылдық округтердің әкімдері, екеуі – коммерциялық құрылымдардың өкілдері, 4-уі – бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері. Бір әкім уақытша жұмыс істемеді. Сайланған әкімдердің 8-і – әйел», – деді А. Малашко.




Сайланған әкімдердің мамандықтары бойынша басым бөлігі оқытушылар, экономис, заңгер, инженер, ауыл шаруашылығы қызметкерлері және басқалар. Орташа жас– 47,4. Ең жасы – 28-де, ең үлкені – 62 жаста.

«Сайланған 59 әкім сайлау өткен ауылдық округте тұрады, 6 әкім басқа ауылдық округте, бірақ аудан аумағында тұрады. «Жалған дауыс берілді» деген шағымдар түскен жоқ», – деп қорытындылады А. Малашко.


Жоғары қарай