Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қостанай облысында 4,9 млн гектар алқапқа астық егілді

2020 жылдың 11 тамыз 2020 23:36

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысында 4,8 млн гектар алқапқа астық егілді. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Жансұлтан Тәукенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысы егін жинау жұмыстары мен жем-шөп дайындауды ұйымдастыру мәселелері туралы айтты.

«Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне карантин кезінде барлық қажетті жағдайлар жасалды. Облыс ішінде кедергісіз жүріп-тұрды, материалдық-техникалық ресурстарды жеткізу қамтамасыз етілді, қаржы мәселелерінде қиындық туындаған жоқ. Осының арқасында көктемгі егіс жұмыстары оңтайлы мерзімде, жақсы дайындалған негізде жүргізілді. Жаздық егіс алаңы 4 млн 865 мың га құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 186 мың га артық. Дәнді дақылдар 85 мың гектарға ұлғайып, 4 млн 53 мың га, майлы дақылдар 640,5 мың га алқапқа себілді. Минералды тыңайтқыштарды қолдану динамикасы да өсуде. Айта кету керек, биыл заңнамадағы өзгерістерге сәйкес аса қауіпті аурулар мен зиянкестерге қарсы өңдеуді тауар өндірушілердің өздері толығымен жүргізді. Инсектицидтерді сатып алуды субсидиялауға республикалық бюджеттен 469 млн.теңге бөлінді», - дейді Жансұлтан Тәукенов.

2020 жылы облыстың АӨК дамытуға 39,3 млрд теңге қарастырылды. «ҚазАгро» АҚ қаржы институттары арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 29,1 млрд теңге несие қаражаты берілді. Бұған қоса «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 22,3 млрд теңге игерілді.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бойынша қосымша қаражат бағытталды. Ауыл шаруашылығы құрылымдарын уақтылы қаржыландыру оңтайлы мерзімде егіс науқанын жүргізуге, егін жинау жұмыстарына дайындалуға мүмкіндік берді. Енді жергілікті әкімдер ішкі нарықты сақтау, азық-түлік өнімдерінің негізгі түрлеріне бағаның күрт өзгеруіне жол бермеу керек», - деп атап өтті басқарма басшысы.


Жоғары қарай