Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында 180 ауылға сапалы ауыз су құбыры тартылады

2020 жылдың 3 желтоқсан 2020 05:10

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – 2021 жылы Қостанай облысында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 69 ауылға ауыз су құбыры жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында іске қосылған 37 жобаға 9,6 млрд теңге қаржы бөлінген.

Бүгінге дейін бұл қаржының 81 пайызы игерілді. Ауылды сапалы ауыз сумен қамтуды жеделдету мақсатында соңғы жылдары облыс аумағындағы шалғай ауылдарға су тарату торабы орнатыла бастады.

Қазір ауылды сумен қамтамасыз ету бойынша жалпы құны 35 млрд теңге болатын 41 жоба әзірленіп жатыр. Алдағы уақытта жалпы саны 75,5 мың адам тұратын 69 ауылға орталықтандырылған су құбыры тартылады.

22 ауылға су тазарту және тарату пункттері салынып, 9 елді мекеннің су құбыры жаңартылады.

Осылайша алдағы екі жылда жалпы саны 180 ауылды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Жылдар бойы су тапшылығын көріп келген Амангелді ауданының Қабырға ауылында жаңа су торабы қолданысқа берілді.

Елді мекендегі кеңес дәуіріндегі тартылған су құбырлары істен шығып қалған болатын. Ауыл тұрғындары 25 жыл бойы өзеннен суды тасып ішіп келген-ді.

Енді бұл қиындықтар артта қалды. Ауыл тұрғындарының көптен күткен талап-тілегі орындалды. Жобаға 82,2 млн теңге қаражат бөлінді.

.

Жоғары қарай