Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысына 300 медицина қызметкері өзге өңірлерден келеді

2020 жылдың 15 шілде 2020 00:12

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыс барысында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудник баяндама жасады. Ол КВИ таралуына жол бермеу бойынша өткізілген шараларға тоқталды.

«Бүгін Қостанай облысының дәріханалары үшін алғашқы дәрі-дәрмек алынды. Вирусқа қарсы, дене қызуын түсіретін препараттарға, антибиотиктер мен антикоагулянттарға халықтың сұранысын жоғары.

Сондай-ақ, Свердлов және Челябі облыстарының губернаторларымен келісім бойынша біздің облыстың дәрігерлеріне вирустық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеу бойынша тәжірибелік көмек көрсетіледі.

Біздің көршілеріміздің жетекші дәрігерлеріне ауыр пациенттерді жүргізу тактикасы бойынша тұрақты негізде кеңес беруді ұйымдастыру жоспарлануда. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын емдеудің өзекті мәселелері бойынша телелекциялар арқылы облыс дәрігерлерін оқыту жоспарда бар. Бірінші телекөпір бүгін таңғы сағат 10.00-ден бастап өткізілді», - дейді басқарма басшысы.

Бүгінде облыста дәрігерлер қорғаныс құралдарымен толықтай қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, 25 мың бірреттік костюм, 80 мың маска, 200 мың қолғап бар, олардың 80% медициналық ұйымдарға берілген. Қалғаны – қорда. Осы аптаның соңына дейін өңірге қорғаныш көзілдіріктері, маскалар, қолғаптар және бахилалар, 40 мың костюм келеді.

Сонымен қатар аймақта медицина қызметкерлерінің тапшылығын азайту жұмыстар жалғасуда. Бүгінде республиканың медициналық жоғары оқу орындарының 200-ден астам түлегімен келісімшарт жасалды.

«Биыл облысқа 300-ден астам медицина қызметкері келеді. Әкімдер мен тиісті басқарма басшыларына оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін тапсырамын.

Қазір медициналық ұйымдарда оттегі желісін жаңғырту мәселесі пысықталуда, бірінші кезекте бұл жұмысты облыстық, Қостанай қалалық, Арқалық және Рудный ауруханаларында жүргіземіз. КВИ-дің таралуына жол бермеу жөніндегі жұмысты жалғастыруды, сондай-ақ халықты және медициналық мекемелерді дәрілік заттармен қамтамасыз етуді бақылауда ұстау қажет», - деді Архимед Мұхамбетов.


Жоғары қарай