Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Сенат депутаты болып сайланды

2020 жылдың 12 тамыз 2020 18:18

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы Парламент сенаты депутаттары сайлауының алдын ала қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайда Сенат депутаты болып облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк алды. Облыс орталығындағы Жастар сарайында өткен сайлаудың қорытындысы бойынша ол сайлаушылардың 87,21 пайызын (225 дауыс) алды. Айта кетейік, карантинге байланысты сайлауда халықаралық бақылаушылар болмады, тек отандық бақылаушылар қатысты.

Сергей Карплюк 1968 жылы туған. Сенат депутаттығына оны Денисов және Б.Майлин аудандық мәслихаттарының депутаттары ұсынған. Барлығы Сенат депутаттығына үміткерлер тізімінде 3 адам болды. Олардың екеуі – депутаттыққа өзін-өзі ұсынған «Жас Қанат - 2006» ЖШС өндірісті дамыту жөніндегі директоры Александр Коростылев, Рудный балалар үйінің директоры – Павел Коваль.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Александр Малашконың ақпараты бойынша, төртінші тіркелген кандидат профессор Әлімжан Бекмағамбетов сайлауға екі апта қалғанда өз кандидатурасын алып тастаған.

Сонымен Қостанай облысынан сенаторлыққа төртінші рет әкім орынбасары сайланып тұр. Бұған дейін Сенат депутаттығына облыс әкімінің орынбасарлары Евгений Аман, Серік Бектұрғанов, Жеңіс Нұрғалиев сайланған болатын. Енді Сергей Карплюк күзде әріптесі Серік Бектұрғановтың орнын ауыстырады.


Жоғары қарай