Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсыновтың есімі берілуі мүмкін

2022 жылдың 14 наурыз 2022 22:32

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық мәслихатының кезекті сессиясында жергілікті әуежайға Ахмет Байтұрсыновтың есімін беру мәселесі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақовтың айтуынша, облыстық ономастика комиссиясына Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсыновтың есімін беру жайында ұсыныс түскен.

- Мұндай бастаманы әуежайдың еңбек ұжымы мен кәсіподақ мүшелері көтеріп отыр. Мәселе 4 ақпан күні ұжымның жиналысында сөз болып, талқыланған. Жиында аталмыш бастаманы сонда жұмыс істейтін 128 адам түгел қолдаған. Заң бойынша нысанның атауын ауыстыру ұсынысы ҚР Үкіметі жанындағы ономастика комиссиясында қараудың алдында әуелі облыстық мәслихатта талқыға салынуы тиіс, - деді Ерлан Қалмақов жиында.

Оның айтуынша, биыл Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойы UNESCO көлемінде тойланады.

Қостанайда мерекелік шаралар 28 ақпанда басталып кетті.

- Жергілікті атқарушы органдар осы атаулы датаға орай іс-шаралар жоспарын іске асырады. Құрметті депутаттар, ұсынысты қолдайсыздар деп үміттенем, - деп атап өтті басқарма басшысы.

Мәслихат депутаттары ұсынысты бірауыздан қолдады.


Жоғары қарай