Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қосшыда жоғалып кеткен 5 жасар қыз табылды

2020 жылдың 20 қараша 2020 00:30

ҚОСШЫ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының полицейлері мектепке бара жатып адасып қалған бес жасар баланы іздеп тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 19 қарашада «Лесная Поляна» тұрғын үй кешенінде тұратын қыз бала даярлық сабағына бару үшін саған 11.00-де үйінен шыққан. Алайда ол мектепке дейін жетпепті. Баласының мектепке келмегенін анасы түсте ғана білген. Қызын таба алмай аласұрған ана ақыры полицияға хабар беріпті. Құқық қорғаушылар баланы аулалардың бірінен тауып алған.

«Кішкентай бала көрші ауладағы құрбысына барып, сонда ойнап жүргені анықталды. Аман-есен анасына оралды. Қуанып қалған әке-шешесі полиция қызметкерлеріне алғыс айтып», - дейді департаментінің баспасөз қызметінен.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Жоғары қарай