Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қосшыда 3 жасар бала терезеден құлап кетті

2022 жылдың 23 мамыр 2022 13:08

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Қосшы қаласында 3 жасар бала абайсызда төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай мамырдың 21-де сағат 16:00 шамасында болған.

«Ақмола облысының Қосшы қаласында 3 жасар бала абайсызда төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Зардап шеккен бала Нұр-Сұлтан қаласы балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды», - деді ведомстводан.

Полициядан атап өткендей, бүлдіршін анасы дүкенге шығып кеткенде терезеден құлаған.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайын анықталып жатыр. Отбасы екі бала тәрбиелеп отыр. Арнайы органдардың есебінде тұрмайды.

Айта кетейік, бұған дейін Қосшыда 7 жасар қыз пештің ішінде тұншығып көз жұмғанын хабарлаған едік.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Оқиға, Ақмола облысы, Бала,
Жоғары қарай