Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қорытынды жасауға асықпайық – Білім министрлігі Түркістанда қайтыс болған оқушы туралы

2021 жылдың 20 қазан 2021 15:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова Түркістанда мектеп дәретханасындағы төбелестен кейін оқушының көз жұмғаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сөзсіз, баланың өлімі – өте үлкен трагедия. Бұл жағдай белгілі болған соң, бірден Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері Түркістан облысына аттанды. Қазір де олар сонда жұмыс істеп жатыр. Бұл факті бойынша тиісті органдар тергеу шараларын жүргізуде. Қорытындысы бойынша біз де хабарлайтын боламыз.

Менің ойымша, қорытынды жасауға асығудың қажеті жоқ. Мұнда тиісті органдар тиісті жұмыстарды аяқтауы керек. Сонда ғана шешім қабылданады. Оқушылар арасындағы алым-салық туралы пікірлерге келсек, біз, Білім министрлігі, ата-ана тарапынан да, мектеп ішінде де алым-салыққа жол бермеу керектігін айтамыз. Мұндай фактілер түбегейлі болмауы керек, әр фактіні жеке қарастырып, ең қатаң шаралар қабылдануы керек», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, 15 қазанда Түркістанда мектеп дәретханасындағы төбелестен кейін 5-сынып оқушысының көз жұмғаны хабарланды.

Қаза тапқан оқушының әжесі БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында немересі мектеп дәретханасында соққыға жығылғанын, ал дәрігерлер баланың басында ауыр жарақат болғанын айтады.



Жоғары қарай