Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирустың екінші толқыны теңгеге қалай әсер етеді – Ұлттық банк жауабы

2020 жылдың 20 қазан 2020 17:10

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова валюта нарығындағы жағдай мен теңгенің динамикасы туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол коронавирус инфекциясының ықтимал екінші толқыны мен COVID-19-бен ауырғандар санының өсуі ұлттық валютаның болашағына қалай әсер ететінін айтты.

«Сарапшылардың жыл соңына дейінгі теңге динамикасына қатысты пікірлері екіге бөлінді: кейбіреулер сырқаттанғандар санының өсуі ұлттық валютаның әлсіреуіне әкеледі десе, бірі – әлемдік экономиканың және көмірсутектерге сұраныстың қалпына келуіне қарай оның нығаюын күтуде. Еркін өзгермелі режимде ұлттық валюта бұрынғыдай мұнай бағасына тәуелді»,– деді Әлия Молдабекова.

Оның айтуынша, энергия тасымалдаушылар нарығында жаһандық тұтынудың төмендеуінен туындаған айқынсыздық әлі де жоғары. Жекелеген елдер, мысалы, Ливия өндірісті арттыруына қарамастан, ОПЕК+ ұйымы өндірісті азайту жөнінде алдын ала келісілген талаптарды ұстану және мұнай нарығын қайта теңдестіру туралы айтып отыр.

Ірі өндірушілер арасындағы келіспеушілік осы жылдың басында мұнай бағасының күрт құлдырауына әкелгенін ескере отырып, ОПЕК+ өндіруші елдер арасындағы қазіргі үйлестіру ірі қатысушылар жаңа нақты шындықты түсінеді деп ойлауға мүмкіндік береді. Қытай экономикасының біртіндеп қалпына келуі туралы белгілер де энергия тасымалдаушылар нарығына қолдау көрсетеді.

«Негізгі экспорттық тауар бағасының серпінінен басқа, теңге әлемдік экономикадағы жалпы үрдістерге ұшырағыш. Көптеген дамушы елдер жаһандық сұраныстың құлдырауына байланысты экспорттың төмендеуіне шыдауға мәжбүр. Бұған жауап ретінде үкіметтер дамыған елдермен салыстырғанда шамалы ауқымда болса да, фискалдық және монетарлық шаралар қабылдауда»,–деді ол.

Инвесторлардың тәуекел дәрежесінің жалпы төмендеуіне және АҚШ-тағы ынталандыру шаралары бойынша белгісіздікке байланысты әлемдік нарықтардағы жекелеген кезеңдерде доллардың нығаюы дамушы елдердің ұлттық валюталарына қосымша қысым көрсетуде.

Қазақстан басқа елдермен салыстырғанда Үкімет пен Ұлттық банктің қуатты фискалдық қолдауының және экономиканы қолдау үшін уақтылы шаралар қабылдауының нәтижесінде орнықты позицияға ие.

Сонымен қатар, ол COVID-19-дың екінші толқынының әлемдік экономикаға әсері туралы сарапшылардың болжамына тоқталды.

«Еуропада ауырудың жаңа жағдайлары туралы хабарламалар аясында коронавирустың екінші толқыны туралы қауіптенудің сақталуына қарамастан, ағымдағы әлемдік статистика емделушілердің үлкен пайызымен, сондай-ақ өлім-жітімнің төмендігімен ерекшеленеді. Кейбір экономистер індеттің бақылауға алынып келе жатыр деп есептейді және ауыратындар санының азаюын күтуде. Бұл тиісінше экономикаға қатты әсер етпейді»,– деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Халықарлық валюталық қор жаз мезгіліндегі болжамдармен салыстырғанда әлемдік экономиканың дамуы жөнінде анағұрлым оптимистік болжам жасады. Қор әлемдік жалпы ішкі өнімнің алдыңғы болжам бойынша 4,9%-ға төмендеуге қарсы 4,4%-ға төмендейтінін күтуде. Көптеген дамыған және дамушы елдер оң түзетуден өтті.

Қазақстанның жалпы ішкі өнім серпіні бойынша халықаралық валюталық қорының 2020 және 2021 жылдарға арналған болжамы өзгерген жоқ және тиісінше ( - ) 2,7% және (+)3% - ды құрайды.


Жоғары қарай