Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирустан жазылған соң моншаға түсуге бола ма

2020 жылдың 16 қазан 2020 19:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Медициналық оңалтуды реформалау жөніндегі жобалық кеңсе жетекшісі Ләйлә Дайырбаева коронавирус індетінен жазылғандардың моншаға бару не бармау мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нақты ештеңе айта алмаймын. Дегенмен, кез келген инфекциядан, оның ішінде күрделі жұқпалы аурудан кейін ыстық процедура алуға кеңес берілмейді. Оның ішінде монша да бар. Өзім моншаға баруға барынша абай болуға кеңес берер едім. Ал енді моншадан басқа жуунуға еш мүмкіндік болмаса, онда ол ыстық емес, жылылау болғаны жөн. Өйткені, мультижүйелі суық тию синдромы кезінде барынша абай болған дұрыс», - деді ол онлайн конференция барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, мультижүйе айтарлықтай зақымданған кезде мұндай вирустардың әсері қандай болатындығын болжау өте қиын.

«Бұл ретте, барлығы да пациент коронавирус инфекциясынан жазылғаннан кейін сақталатын негізгі синдромға байланысты. Мұны ол емханаларда өзін емдейтін дәрігермен талқылағаны жөн болады. Оның ағзасында қандай симптом негізгі болса, онда соны оңалту жүргізіледі», - деді Ләйлә Дайырбаева.


Жоғары қарай