Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирустан жазылған науқастар вакцинаны қашан салдыра алады

2021 жылдың 17 қаңтар 2021 14:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ғалымдар COVID-19-дан сауығып шыққандарға вакцинаны қашан салдыруға болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресейдің Н.Гамалея атындағы Эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбургтің айтуынша, індеттен жазылып шыққан уақыт пен екпе егу арасындағы кезең шамамен екі-үш айды құрауы керек.

Егер адам коронавируспен жеңіл түрде ауырып шықса, ағзада вирустың жоқтығына көз жеткізген бойда вакцина салдыра беруге болады.

«Адам толық сауығып шығу керек, жазылып шыққаны зертханалық жолмен дәлелденуі қажет. Яғни норма бойынша – екі немесе үш рет жасалған ПТР-талдау нәтижелері теріс болуы шарт. Содан кейін адам физикалық тұрғыда қайта қалпына келуі керек», - деді Гинцбург.


Басты сөздер: Медицина, Коронавирус, Қоғам,
Жоғары қарай