Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирустан айыққан адамның иммунитеті қаншалықты мығым болады

2020 жылдың 25 қыркүйек 2020 20:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус жұқтырып, індеттен айыққан адамның ағзасында иммунитет қалыптаса ма? Бұл сұраққа бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Махаббат Бекбосынова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирусқа қарсы мығым иммунитет бар ма, әлде бұл уақытша ғана иммунитет пе?» деген сұрақ төңірегінде қазір әлемдік қауымдастық түрлі пікірталас өткізіп жатыр. Бұл мәселе қазір зерттелу үстінде. Бірақ кейінгі шолу материалдарының бірінде COVID-инфекциясынан кейін жақсы иммунитет қалыптасатыны жайлы ақпарат болды. Тіпті, одан бұрын COVID-инфекция қаншалықты ағзаға ауыр болса, соншалықты мығым иммунитет қалыптасады деген де тұжырым болған. Бірақ бұл сұрақтың жауабы келешектің еншісінде деп айтар едім», - деді Махаббат Бекбосынова.

Оның айтуынша, бұған дейін коронавирусты қайтадан жұқтырудың бір ғана жағдайы тіркелген. Алайда, қайта жұққаны – вирустың басқа штамы болған.

«Бұл – Сингапурдан келген хабарлама. Бұл пациент екінші инфекцияны – COVID вирусының басқа штамын жеңіл өткерген», - деді дәрігер.


Жоғары қарай