Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Коронавируспен күресте алдыңғы шепте ақ халатты абзал жандар тұр - Амалбек Өміртай

2020 жылдың 1 сәуір 2020 17:23

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Медицина қызметкерлеріне қосымша үстемақы төленуі халықтың дәрігерлерге деген сенімін арта түсіргендей. Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Амалбек Өміртай Мемлекет басшысының коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырмасына орай осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режімінде тағы бір оңды шешім қабылдап отыр. Медицина қызметкерлеріне қосымша үстемақы төленуі халықтың дәрігерлерге деген сенімін арта түсіргендей. Олардың ерен еңбегі қандай үстемақыға болса да, лайық деген ойдамын.

Тек Қазақстан ғана емес, күллі әлем болып коронавирус дертімен күресіп жатыр. Алдыңғы шепте әрине, ақ халатты абзал жандардың тұрғаны анық. Олар өз үйлері мен бала-шағаларынан бұрын халықтың денсаулығы мен елдің амандығы үшін күресіп келеді. Мемлекет тарапынан еңбегі елеген медицина қызметкерлерінің халық алдында да абыройы арта түспек», - деді Амалбек Өміртай.

Ол жұртшылықты дәрігерлерге сенім білдіріп, құрмет көрсетуге шақырды.

«Қазіргі уақыт - еліміздің бірлігі мен ынтамақтастығы сыналатын кезең. Осындай үлкен сынақтан тек темірдей тәртіп пен мызғымас бірліктің арқасында өте алмақпыз. Дәрігерлер халықтың тәнін емдесе, біз ел болып оларға рухани демеу болайық. Сенім білдіріп, құрмет көрсетейік. Сақтық шараларын қатаң сақтайық, сонда бұл белесті де бағындырарымыз сөзсіз», деді ол.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырма берген еді. Осыған орай Үкімет басшысы Асқар Мамин мемлекеттік комиссияның отырысын өткізіп, онда арнайы шешім қабылдады. Аталған шешімге сәйкес медицина қызметкерлері жұмысының қауіптілігіне қарай 3-топқа бөліне отырып, олардың жалақысына үстемеақы қосылады.


Жоғары қарай