Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавируспен күрес: Ақтауда қайтыс болған әскери қызметші марапатталды

2020 жылдың 20 қазан 2020 23:05

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау гарнизонында әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан аға сержант Жолдасжан Эрешбаевті марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ж.Эрешбаев биылғы 25 наурыздан бастап коронавирус инфекциясымен күресте алдыңғы қатарда болды.

«Аға сержант өзінің әскери бөлімінде дезинфекциялық топтың құрамына кіріп, Ақтау қаласының аумағын өңдеумен айналысты. Басқа әріптестері сияқты өңдеу жұмыстарын күн сайын жасады. Алайда, қауіпсіздік шараларына қарамастан, вируспен күресуге қатысқан әскери қызметші науқастанып, 24 сәуірде COVID-19-дан қайтыс болды», - деді Қорғаныс министрлігінен.




Еске алу рәсімі барысында ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары Серік Борамбаев аға сержантты «Ел қорғаны» медалімен марапаттау туралы Қорғаныс министрінің бұйрығын оқыды. Әскери қызметшінің марапаты оның жұбайына табысталды. Марқұмның артында 5 перзенті қалды.

«Марқұмның әріптестерінің айтуынша, ол қызметте өз ісінің лайықты маманы болған. Әрқашан жоғары жауапкершілікпен және тәртіптілікпен ерекшеленіп, жауынгерлік даярлықта жақсы нәтижелер көрсеткен. Достары мен таныстары оны басқаларға жанашыр, қамқор адам ретінде еске алады», - деді министрліктен.





Жоғары қарай