Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавируспен күрес: 20-дан астам ел өкілдері тиімді стратегиялық коммуникацияны талқылады

2020 жылдың 28 қыркүйек 2020 10:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жиырмадан астам ел өкілдері коронавирустық пандемия кезінде үкіметтер қолданған тиімді стратегиялық коммуникациялар барысын талқылады. Астана мемлекеттік қызмет хабы бастамасымен және БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) қолдауымен халықаралық онлайн-семинар өткізіліп, Грузия, Қазақстан, ЭЫДҰ және АҚШ сарапшылары дағдарыстық коммуникация саласындағы өз елдері тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семинарға 140-тан астам қатысушы - Еуропа, Азия, Америка және Африка елдері уәкілетті мемлекеттік органдар басшылары, сарапшылары мен практиктері, сондай-ақ БҰҰ, ЭЫДҰ, ЮНИСЕФ, ЮСАИД, WGS сияқты халықаралық ұйымдар өкілдері ат салысты.

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Халықаралық азаматтық қызмет комиссиясының (ICSC) Төрағасы Ларби Джакта мырза іс-шараның құрметті қонағы болды. Ол қатысушыларға жолдауында тақырыптың өзектілігін көрсетіп, ұйымдастырушыларға іс-шара үшін алғысын білдіріп, Aстана хабы әрқашан өзекті мәселелерге назар аударатынын мәлімдеді.

Семинарды аша отырып, Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитеті төрағасы Алихан Байменов «дағдарыс жағдайында қоғамдық сенім маңыздылығы бұрынғыдан да арта түсетіндігін» атап өтті. «Сенім - шешуші фактор, әлеуметтік құндылық қана емес, сонымен бірге тиімді әкімшілік капитал. Сенім деңгейі үкіметтердің, қоғамдардың және экономикалардың дағдарыстан шығу бойынша күш-жігерін қолдауға қызмет етеді. Тиімді коммуникациялық стратегия - халықтың сенімін арттыру мен дағдарыстарды басқарудың маңызды құралы», - деді ол.

Сонымен қатар шараның ашылуына БҰҰ Даму Бағдарламасы Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Виталий Времиш қатысты.

Семинар барысында дағдарыс кезеңінде стратегиялық коммуникацияларды дамытумен тікелей айналысқан практиктер өз ойларымен бөлісті. Олардың арасында - «Voice from Georgia» үкіметтік емес ұйым Басқарма төрағасы, медиа зерттеулер ауқымында Грузия үкіметіне ұсыныстар әзірлеушілердің бірі - Иракли Таблиашвили, ЭЫДҰ Мемлекеттік секторды басқару жөніндегі директоратының саяси аналитигі, коммуникация саласындағы инновациялық әдістерді және жалған ақпараттық тәсілдерді зерттеуші Карлотта Альфонси, АҚШ Сенаторының аппарат басшысы орынбасары, бұрынғы баспасөз хатшысы және коммуникациялар бойынша директоры Эдвард Шелби және Factcheck Қазақстан жобасының қазақ тіліндегі нұсқасының Бас редакторы Думан Смақов болды.

Ираклий Таблиашвили «Грузияда пандемияның алғашқы толқыны кезеңінде қоғаммен коммуникация жүгін, оның ішінде барлық азаматтарды стратегиялық шешімдер мен әдістерден хабардар ету жұмысын үш жетекші тұлға, танымал ғалым қолға алып, « үш ноян» ретінде танылғанын айтты. Бұл тактика шамадан тыс драматизациясыз халықтың сенімі мен ұжымдық жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік берді».

ЭЫДҰ өкілі Карлотта Альфонси «пандемия кезінде үкіметтер COVID-19 инфодемиясына қарсы тұру үшін өздерінің қоғамдық байланыстарына басымдық беруі керек болды». Ол сондай-ақ «бұл іс-шаралардың тиімділігі көбінесе олардың ашық үкімет принциптеріне, бірінші кезекте мемлекеттік институттарға деген сенімділікті арттыру мақсатында ашықтық қағидаттарына деген тәуелділігіне» байланысты екенін айтты.

Өз кезегінде Эдвард Шелби «коммуникацияның аз құралдары мен тым поляризацияланған қоғамға кезіккен АҚШ үкіметі қоғамдық денсаулық сақтау мүддесі мен дезинформацияға қарсы тұру үшін ақпарат берудің креативті тәсілдерін қолдануға мәжбүр болғанын» жеткізді. «Сайланбалы лауазым иелері де халықтың сенімсіздігіне ұшырауда, сондықтан олар сайлаушылармен қарым-қатынаста сандық құралдар пайдалануда және COVID 19 пандемиясымен күресте қажетті шаралар туралы өз пікірлерін білдіруде сенімдірек ақпарат көздеріне - денсаулық сақтау саласы сарапшылары мен университет профессорларына жиі жүгінеді..

Думан Смақов «коронавирус пандемиясынан туындаған қазіргі Қазақстандағы жағдай сенімді ақпараттарды қолдаудың мемлекеттік органдар үшін де, халық үшін де дағдарыстан шығудағы маңыздылығын көрсетті» - деп атап өтті.





Автор Қанат Мәметқазыұлы
Басты сөздер: Коронавирус, Әлем,
Жоғары қарай