Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавируспен ауырғандар оңалтудан өту керек - сарапшы

2021 жылдың 13 қыркүйек 2021 14:04

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Коронавируспен ауырғандар оңалтуды қажет етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы Алматыдағы С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің медициналық-санитарлық алғашқы көмек бөлімінің меңгерушісі, PhD философия докторы Динара Маханбетқұлова онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, коронавируспен жеңіл, орта, ауыр деңгейде ауырған науқастар оңалтуды қажет етеді. Оңалту стационар деңгейінен басталу керек. Оңалту комплексті, рационалды түрде, бүкіл клиникалық ерекшеліктерді, психологиялық факторларды ескере отырып жүргізілу керек.

«Науқас стационардан шыққан соң, емханаға келеді. Онда дәрігерлер науқасты реабилитациялық орталықтарға жібереді және қажетті дәрілер мен оңалту ұсыныстарын береді. Осыдан кейін науқас санаторлық курорт кезеңінен өтуі тиіс. Ауырған соң, ауру деңгейіне байланысты бұл науқастар емхана деңгейінде учаскелік дәрігерде есепте тұрады»,-деді ол.

Жоғары қарай