Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавируспен ауырған 13 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

2020 жылдың 18 қазан 2020 14:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 18 қазанға арналған коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 2 613 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Оның арасында 125 өскіншек бала бар.

Стационарларда 2 012 науқас жатыр. 601 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 81 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда.

13 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік көрсеткіш туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады.


Жоғары қарай