Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Коронавируске шалдыққан қызылордалық Оңтүстік Кореядан келген

2020 жылдың 28 наурыз 2020 18:32

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада коронавирус жұқтырған тұрғынға байланысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметі бойынша 28 наурызда Қызылордада коронавирус инфекциясының (COVID-19) 1 жағдайы тіркелді. Науқас биылғы жылдың 1 наурызында «Сеул-Алматы» транзитімен Оңтүстік Кореядан ұшып келген. КВИ бойынша қолайсыз елден келуіне байланысты ол 14 наурызға дейін карантинді стационарда бақылауда болып, қанағаттанарлық жағдайда шығарылған. Ал 27 наурызда денсаулығындағы шағымымен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

Науқастың эпидемиологиялық анамнезі ескеріліп, бокс палатаға оқшауландырылды. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 наурыздағы №26 қаулысы негізінде ПЦР анализі алынып, одан COVID-19 нәтиежсі нақтыланды. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Науқас ошағында қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары мен энтомологтардан құрылған топ эпидзерттеу жұмыстарын атқарып, індетке қарсы алдын алу шараларын ұйымдастырып жүргізуде. Науқастың қазіргі жағдайы тұрақты. Коронавирус инфекциясының диагностикасы мен емі бекітілген хаттамаға сәйкес терапия жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облысы әкімдігінің баспаөз қызметі.

Бұдан бұрын Қызылордада коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған 30 адам анықталды.


Жоғары қарай