Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Коронавируске байланысты Бразилиядан АҚШ-қа кіруге тыйым салынды

2020 жылдың 26 мамыр 2020 13:22

БРАЗИЛИЯ. ҚазАқпарат – Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Бразилиядан келген шетелдіктерге АҚШ-қа кіруге тыйым салды. Бұл туралы ҚазАқпарат The New York Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Латын Америкасы елі коронавирусты жұқтыру бойынша әлемде екінші орынға шыққаннан кейін Ақүй осындай шешімге келген.

Бразилия президенті Жаир Болсонару вирусқа қатысты оптимистік көзқарас танытып келгені белгілі. Ол денсаулық сақтау саласындағы сарапшылардың ескертулерін ұзақ уақыт бойы елемей, әлемнің көптеген елінде енгізілген әлеуметтік қашықтық шараларына да назар аудармады.

Қазіргі уақытта Бразилия коронавирустың расталған жағдайлары бойынша АҚШ-тан кейін екінші орында. Мұнда 350 мыңнан астам адам вирус жұқтырды, қайтыс болды – 22,7 мың науқас.

«Бұл шаралар Бразилиядағы шетелдік азаматтардың инфекцияны елімізге әкелмеуін қамтамасыз етеді», - деп мәлім етті Ақүйдің баспасөз хатшысы Кейли Макинани.

Оның айтуынша, бұл жаңа шектеулер екіжақты саудаға әсер етпейді.


Басты сөздер: Америка, Әлем, Коронавирус,
Жоғары қарай