Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирусқа шалдыққан 669 науқастың жағдайы ауыр

2021 жылдың 14 қазан 2021 08:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа шалдыққан 700-ге жуық науқастың жағдайы ауыр. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

14 қазандағы деректер бойынша, ел өңірлерінде 53 289 адам коронавирус инфекциясынан (46 444 КВИ+ және 6 845 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 150 пациент стационарда, 44 139 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 669 адамның жағдайы ауыр,

- 194 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 130 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.


Жоғары қарай