Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирусқа шалдыққан 120 адамның жағдайы ауыр - министрлік

2020 жылдың 25 қазан 2020 11:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 120 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы 25 қазандағы мәліметке сәйкес, елімізде коронавирус инфекциясынан 2 964 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 245 бала бар. Стационарларда 2 222 науқас жатыр. 742 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

«Жалпы, науқастардың арасында 120 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 13 науқастың халі аса қатты ауыр деп бағалануда. 14 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - делінген министрлік ақпаратында.


Жоғары қарай