Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирусқа қарсы ревакцинацияға дайындық қалай жүргізіліп жатыр

2021 жылдың 15 қазан 2021 13:48

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қараша айында елімізде халықты қайта вакцинациялау басталады. Бұл науқанға Алматы қаласы қалай дайындалып жатыр ҚазАқпарат тілшісі анықтап көрді.

«Бүгін күні Алматы қаласында «Sputnik V» вакцинасының бірінші компонентінің 16 мыңнан астам дозасы бар. «Vero Cell» вакцинасының бірінші компоненті шамамен 150 мың доза, QazCovid-in вакцинасының 30 мыңға жуық дозасы тұр. Тиісінше, екінші компонент сондай мөлшерде. Тұрғындарды жаппай вакцинациялау жалғасып жатыр. Вакциналар әр емханада және екпе пункттерінде жеткілікті «, -деді Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Эльвира Ибрагимова.
Белгілі болғанындай, ревакцинация биылғы жылдың қараша айының үшінші онкүндігінде басталады.
«Естеріңізде болса, алғашқы екпе ақпан айында басталған. 1950 қызметкер вакцинацияланды, оның ішінде бірінші кезекте – медицина, полиция қызметкерлері мен мұғалімдер болды. Ревакцинацияда да осы контингенттен басталады. Оған вакцинаның белгілі мөлшері бар.
Ревакцинация үшін вакцинаның 1 дозасы қолданылады. Вакцинацияның толық курсынан кейін 6-9 айдан кейін қосымша дозаны енгізу ұсынылады. Бұл ретте вакцина салдырған қазақстандықтар бірнеше топқа бөлінеді. векторлық (Спутник V) вакцинаны салдырғандар тоғыз айдан кейін инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе м-РНҚ (Pfizer) вакцинасын қосымша салдыра алады; инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) вакциналарын салдырғандарға алты айдан кейін векторлық (Спутник V) немесе м-РНҚ (Pfizer) вакцинасын қайта алуға болады; м-РНҚ (Pfizer) вакцинасын алғандар алты айдан кейін инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе векторлық (Спутник V) вакцинасын қайта салдыра алады; вакциналау курсы аяқталғаннан кейін коронавируспен ауырғандар жазылғанына үш айдан соң қайта вакцина салдыра алады»,- деді дәрігер.
Ревакцинацияның алдында адамдар өз бетінше антиденелерге тест тапсыра алады.
«Ревакцинациядан бұрын тұрғындар өз еркімен антиденелерге тест тапсыра алады. Емхана деңгейінде мұндай зерттеу жүргізілмейді. Егер сіз ревакцинация жасамас бұрын антиденелердің титрін білгіңіз келсе, Сіз өзіңіз тест тапсыра аласыз. Ревакцинация адам вакцинацияның толық курсын алған кезде жүргізіледі», - деп қосты дәрігер.


Жоғары қарай