Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирусқа қарсы күрес: Жаркенттегі ауруханаға оттегі стансасы орнатылады

2020 жылдың 21 қыркүйек 2020 10:50

ЖАРКЕНТ. ҚазАқпарат- Алматы облысының Панфилов ауданына оттегі станциясы орнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы құны 76 млн теңгені құрайтын жоба қазан айында іске қосылмақ. Қазір станцияны орнату жұмыстары басталды. 320 орынға арналған орталық аурухана жанынан ашылатын оттегі станциясынан бір мезетте 50 нүктеден оттегі толтырылады.

Орталық аурухананың бас дәрігері Төлеу Сарпековтың айтуынша станция сағатына 50 метр кубқа дейін оттегі құяды. Сондай-ақ, 120 науқасқа бір уақытта қажетті оттегі беріледі.

«Алматыдан ауыр баллондарды таситынбыз. Енді міне, бұл мәселе де шешілді. Бұдан бөлек осы пандемия кезінде біздің орталық ауруханаға кәсіпкерлер мен қайырымды азаматтар оннан астам оттегі концентратын, басқа да қажетті медициналық жабдықтарды тарту етті. Мемлекет тарапынан да қажетті көмек көрсетілуде. Біз індеттің ықтимал екінші толқына толықтай дайын», —дейді бас дәрігер.

Пандемия басталғалы бері Панфилов ауданында 139 адам індетке шалдыққан. Қазір аталған адамдар толықтай жазылып, өңірде санитарлық сақтандыру жұмыстары жүргізілуде.


Жоғары қарай