Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус жұқтыру жағдайы: Варшавадан ұшып келген қазақстандық Германияда болған

2020 жылдың 14 наурыз 2020 13:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус жұқтырған Қазақстан азаматы туралы айтып берді. Ол Варшавадан ұшып келген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Варшавадан келген науқасты біз өзге елдерден келген азаматтарға мониторинг жүргізіп жатқан кезде анықтадық. Ол эпидемиологиялық тұрғыда қауіпсіз саналатын Польшадан Варшава рейсімен келгенімен деректер жинау процесінде Германияда болғанын айтты. Осы факт бойынша, соңғы 14 күннің ішінде Германияда болса, біз қосымша тексеру керек деп шештік. Оны біз 12 наурыз күні жатқызғанбыз. Кеше тест нәтижесіне күмәніміз болды. Бүгін қайталап лабороториялық зерттеу жүргізгенде инфекция бар деген нәтиже көрсетті», - деді Сәуле Қисықова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жалпы тест нәтижесін нақтылауға шамамен 5-6 сағат кетеді.

Еске сала кетсек, бүгін Қазақстанда тағы екі адамнан коронавирус анықталды. Оның біреуі Варшава-Нұр-Сұлтан ұшағымен ұшып келген. Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған қазақстандықтар саны 6-ға жетті.



Жоғары қарай