Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Коронавирус жұқтырғандарды тез анықтауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша пайда болды

2020 жылдың 21 наурыз 2020 20:48

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирусты бақылау мен жұқтыру жағдайын тез хабарлауға мүмкіндік беретін қосымша ойлап табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл қосымша Қазақстанда індеттің таралуын бақылауға мүмкіндік береді.

Онлайн қосымша Android пен iOS алаңдарында екі күннен соң қолжетімді болады.

Қазір вебсайт үлгісі covid19live.kz атауы бойынша істеп тұр. Қосымша арқылы:

- Қазақстанда індеттің таралу картасын,

- сақтық құралдары туралы ақпаратты,

- ауруханалар мекенжайы мен оперативті орталықтардың мекенжайлары орналасқан бірыңғай терезе,

Сонымен қатар, қосымшаның «Мен жұқтырдым» функциясы арқылы науқастың барған жерлерін және онымен байланыста болған адамдарды, белгілей алады.

Егер адам сол рейспен ұшқан болса «мен байланыста болдым» деген ақпарат қалдыра алады.

Қосымша авторлары бұл ақпараттың барлығы анонимді болып қалады деп сендіреді.


Жоғары қарай