Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 409.98
EUR 462.21
RUB 5.75
CNY 58.43

Коронавирус жұқтырған шымкенттік мінген автобустың нөмірі жарияланды

2020 жылдың 25 наурыз 2020 20:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус жұқтырған шымкенттік жігітпен бір автобуста болған жолаушылар іздестіріліп жатыр. Рейстің қалаға қашан, қалай келгені айтылып, көліктің нөмірі жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласынан Жетісайға (Түркістан облысы) мемлекеттік нөмірі «646 FNB 13» автобуспен сапар шеккен жолаушылар коронавирус инфекциясына сараптама тапсыру және одан ары карантинге орналасу үшін тұрғылықты немесе тіркелген жері бойынша 103 қызметіне жүгінуі қажет«, - делінген шұғыл таратылған ақпаратта.

Сайт мәліметінше, автобус Нұр-Сұлтан қаласынан 19 наурыз күні сағат 17-30-да жолға шыққан. Шымкент қаласына 21 наурыз күні сағат 23-30-да келіп, «Бекжан базары« аялдамасына тоқтаған. Ал Жетісай қаласына 22 наурыз күні таңертең жеткен.

Қазіргі сәтте автобуста болған 51 жолаушының 41-і табылып, барлығы стационарлық карантинге жатқызылды.

Вирус жұқтырған шымкенттікпен автобуста бірге келген 16 жолаушы іздестіріліп жатқанын бұған дейін хабарлаған едік.


Жоғары қарай

Warning: file_put_contents(): Only 0 of 15740 bytes written, possibly out of free disk space in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/system/classes/Kohana/Core.php on line 920