Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Коронавирус жұқтырған медқызметкерлерге 2 млн теңгеден өтемақы төлене бастады

2020 жылдың 16 шілде 2020 16:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеу басталды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл өтемақы Денсаулық сақтау мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің бірлескен бұйрығына сәйкес төленеді. Төлем операторы ретінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры бекітілген. Өтемақы төлеуге өтініштерді өңірлік денсаулық сақтау басқармалары комиссияның тиісті шешімдері негізінде жібереді», - деп атап өтті министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, бүгін сағат 14:00-дегі жағдай бойынша, өтемақы төлеуге 6 өңірден 123 өтініш келіп түскен.

«Ереже бойынша үш жұмыс күнінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры бұл азаматтарға 2 млн теңгеден төлеуі тиіс. Қаражат өтінімде көрсетілген реквизиттерге жіберіледі. 123 өтінім ішінде қызмет бабымен қайтыс болған медицина қызметкерлері жоқ. Олар бойынша әлі өтінім берілмеді», - деді Б. Нұрымбетов.

Еске сала кетсек, қызмет барысында коронавирус инфекциясын жұқтырған медицина қызметкеріне – 2 млн теңгеден, қайтыс болған қызметкердің отбасына – 10 млн теңге өтемақы бекітілген еді.

Бұған дейін спикер 42500 теңге жәрдемақы төленетін санаттарды жариялаған еді.

Сонымен бірге министр 42500 теңге жәрдемақының кімдерге берілмейтінін түсіндірді .

Одан бөлек, 42500 теңге жәрдемақыға өтінім беру жолдары да жарияланды .



Жоғары қарай