Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус жұқтырған әйел «Шарбақты» бекетінен өтуге әрекеттенген

2021 жылдың 23 қыркүйек 2021 14:15

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында мемлекеттік шекара арқылы өтетін төрт автокөлік өткізу пунктіндегі адамдардың қозғалысын бақылау жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, соңғы тәулікте шекарадан 639 адам өткен, оның 294 -і жаяу, 345-і жүк көлігінің жүргізушілері. 6 қазақстандық карантиндік стационарға жатқызылды.
- «Шарбақты» тексеру-өткізу бекетінде Павлодар қаласының тұрғынында қауіпті індет расталған бір жағдай анықталды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ТМД-ның бес азаматына елге кіруге тыйым салынды, оның ішінде ПТР тестінің теріс нәтижесін көрсететін сертификаттарды бермеген 3 Ресей Федерациясы мен Өзбекстанның екі азаматы бар.
Айта кетерлігі, шектеулер енгізілгеннен бері облысқа 200,1 мың адам келді, оның 104,8 мыңы халықаралық тасымалдауды жүргізетін жүргізушілер және 95,3 мың жолаушы. 41,5 мың ПТР зерттеуі жүргізілді, аурудың симптомсыз ағымымен 265 сырттан енгізілген жағдай анықталды.


Жоғары қарай