Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Коронавирус жұқтырған алматылық әйел қылмыстық жауапкершілікке тартылды

2020 жылдың 15 наурыз 2020 17:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыда коронавируспен ауырған әйел өзімен байланыста болған адамдар туралы мәлімет беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қалалық полиция департаменті коронавируспен ауырғандардың бірі - азаматша Б-ның санитарлық қызмет жұмысына кедергі келтіріп, вирусқа шалдыққаннан кейін өзімен байланыста болған азаматтардың мәліметтерін беруден қасақана бас тартқанын хабарлайды. Әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабында (Санитарлық ережені немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) көзделген қылмыстың белгілері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды», - деп атап өтеді қалалық полиция департаментінен.

Алматы қалалық полициясы орын алған күрделі жағдайға байланысты азаматтарды қалалық қызметтерге коронавирус инфекциясын анықтау және алдын алу бойынша барынша жәрдем көрсетуге және жүргізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 16 наурыздағы 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.

Жарлыққа сәйкес, медициналық тексеруден және емделуден, карантиндік режимді сақтаудан бас тартатын, эпидемиологиялық жағдайды айқындау үшін маңызы бар деректерді жасыратын адамдарға бақылау, сондай-ақ аталған адамдардың жауаптылығының шаралары күшейтіледі.


Жоғары қарай