Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Түркия күзге дейін өз вакцинасын жасап шығарады

2021 жылдың 7 мамыр 2021 22:10

АНКАРА. Анадолы-ҚазАқпарат - Түркияда жасалып жатқан коронавирусқа қарсы вакцина биыл күзде толық дайын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл жайында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған арнайы брифингте айтты.

«Түркияда коронавирус инфекциясына қарсы отандық вакцина жасау жұмысы белсенді жалғасып жатыр. Биылғы қыркүйек-қазан айларына дейін осы жұмыстың нәтижесін көреміз деген ниет бар» деп атап өтті түрік көшбасшысы.




Оның айтуынша, отандық вакцина Түркиядағы сұранысты ғана жауып қоймай, басқа елдерге де таратылады.

«Анкара сұраныс жолдаған әлемнің кез келген еліне вакцина жеткізуге дайын» деді Режеп Тайып Ердоған.

Түркия президенті бұған дейін Ресей президенті Владимир Путинмен ресейлік Спутник V вакцинасын сатып алу жайын талқылаған болатын.

«Бұл жерде әңгіме Түркияға жеткізілетін екпенің өте қомақты көлемі жайында болып отыр. Сосын біз Түркияда бірлескен өнеркәсіпті іске қосамыз» деп түйіндеді сөзін Ердоған.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Түркияда Спутник V вакцинасының өндірісі іске қосылатынын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай