Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: ШҚО-дағы стационарларда 400-ден астам адам емделіп жатыр

2021 жылдың 2 желтоқсан 2021 11:27

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы стационарларда 400-ден астам адам емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша соңғы тәулік ішінде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 40 адам тіркелді. Оның ішіндегі 37 науқаста симптом бар болса, 3 адам сырқатын симптомсыз өткеруде.

«Бір күнде 21 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. 7 симптомсыз вирус тасушы үй карантинін аяқтады. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 432 пациент ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы облыста стационарларда төсек-орын жүктемесі – 15%-ды құрайды», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін елімізде «Pfizer» вакцинасының I дозасын салдырған адам саны 100 мыңға жуықтағаны хабарланған болатын.


Жоғары қарай