Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Коронавирус: ШҚО-дағы стационарларда 200-ден астам адам емделіп жатыр

2022 жылдың 20 қаңтар 2022 14:49

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы стационарларда 200-ден астам адам коронавирустан емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша соңғы тәулік ішінде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 542 адам тіркелді. Оның ішіндегі 485 науқаста симптом бар болса, 57 адам сырқатты симптомсыз өткеруде.

«Бір күнде 14 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 208 науқас ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы Шығыс Қазақстандағы стационарларда төсек-орын жүктемесі – 11,3 пайызды құрайды», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қазақстанда өткен тәулікте 2236 адам коронавирустан жазылып шыққаны хабарланған.
Жоғары қарай