Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 405.77
EUR 457.91
RUB 5.77
CNY 57.42

Коронавирус: Сауд Арабиясы ұмра қажылығына келетіндердің елге кіруіне тыйым салды

2020 жылдың 27 ақпан 2020 12:52

ЭР-РИЯД. ҚазАқпарат – Сауд Арабиясы коронавирустың таралуына байланысты ұмра қажылығына келетіндердің елге кіруіне тыйым салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Arab News-ке сілтеме жасап.

Шетелдік қажылар елге жыл сайын Меккеге барар алдында немесе одан кейін Мединадағы Пайғамбар мешітіне келеді.

Бұл бейсенбі күні таңертең жарияланған бірқатар сақтық шараларының бірі. Корольдіктің Денсаулық сақтау органдары вирустың таралып кетпеуін мұқият бақылауға алды. Коронавирустың таралу қаупі жоғары делінген елдердің турист визасын алған азаматтарына да елге кіруге тыйым салған.

Елге кіру бекеттерінде денсаулық сақтау органдары Сауд Арабиясына келмес бұрын қай елдерге барып-қайтқанын шеккенін тексереді.

Сауд Арабиясы шенеуніктері елге келуге шектеу уақытша екенін және денсаулық сақтау органдары осы шешімді кейін қайта қарайтынын атап өтті. Олар вирустың таралуын болдырмауға бағытталған халықаралық шараларды Корольдіктің қолдайтынын және жүзеге асыратынын мәлімдеді, ал Сыртқы істер министрлігі азаматтарын коронавируспен ауыратын елдерге бармауға шақырды.

Айта кету керек, жыл сайын 7 миллионға жуық адам ұмра қажылығына бару үшін Корольдікке келеді. Олардың көпшілігі Жидда мен Медина әуежайларында болады.

Бұған дейін Бахрейн мен Кувейтте коронавирус жұқтырғандардың арасында жеті араб азаматы бар екені хабарланған болатын. Бахрейн Денсаулық сақтау министрлігі сәрсенбіде алты араб әйелінің вирусқа тексерілген тесті оң нәтиже көрсетті деп мәлімдеді.


Басты сөздер: Коронавирус, Әлем, Дін,
Жоғары қарай