Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Полиция науқастармен байланыста болуы ықтимал 47 адамды іздестіріп жатыр

2020 жылдың 31 наурыз 2020 19:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау органдарының сұранысымен Ішкі істер министрлігі 3800 адамды іздестірді. Қазір 47 адамның тұрғылықты орны анықталып жатыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бастапқы күндерден бері полицейлер мен әскерилер де дәрігерлермен бір қатарда алдыңғы шепте қызмет етіп келеді. Карантин аумағында ауру ошақтарын оқшаулау бойынша арнайы шаралар жүргізілді», - деп атап өтті министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 31 нысан қоршауға алынған. Олардың арасында тұрғын үйлер, жеке кіреберістер және жатақханалар бар.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен байланыста болуы ықтимал тұлғаларды іздестіріп, медициналық мекемеге жеткізіп жатырмыз. Денсаулық сақтау органдарының сұранысымен 3800 адам іздестірілді. Қазір 47 адамның орналасқан жері анықталуда», - деді Е. Тұрғымбаев.


Жоғары қарай