Коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Сoronavirus2020.kz сайты 2021 жылғы 22 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«20.01.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 96 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 56 адам емделіп шықты» делінген хабарламада.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 47211, 549 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 34981 жетті.