Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус пен тұмауға қарсы вакцинаны бірге алуға бола ма

2021 жылдың 13 қыркүйек 2021 14:01

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Тұмау мен коронавирусқа қарсы вакцинаны бірге алуға бола ма? Бұл сауалға онлайн брифинг барысында С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің медициналық-санитарлық алғашқы көмек бөлімінің меңгерушісі, PhD философия докторы Динара Маханбетқұлова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрине, тұмауға қарсы вакцина мен коронавирусқа қарсы вакцинаны қатар алуға болады. Бірақ тұмауға қарсы екпені науқас коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын салдырғаннан кейін алу керек. Тұмауға қарсы вакцинаны бір айдан кейін салдыруға болады», – деді Динара Маханбетқұлова.

Бұған дейін, Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қала тұрғындарына аралас инфекция қауіпі туралы ескерткен болатын.

Оның айтуынша, егер адам коронавирусқа қарсы екпе алған болса, екі апта аралықты сақтауы тиіс, кейін екінші вакцинаны алуға болады. Алдымен тұмауға қарсы вакцинаны салдырған болса, онда 2-4 аптадан кейін коронавирусқа қарсы вакцинаны алады. Еске салайық, Қазақстанда тұмауға қарсы вакцина салдыру 15 қыркүйектен басталады.


Жоғары қарай