Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус пен тұмауға бөлек вакцина салдыру керек - дәрігер

2021 жылдың 8 қараша 2021 16:01

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ЖРВИ дертінің маусымдық өсімі байқалады. Бұл туралы Алматы орталық клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Эльвира Ибрагимова баспасөз конференциясында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикер Алматыда қыркүйек айынан бастап дерттің 74 мыңнан астам жағдайы тіркелгенін айтты.

Сондай-ақ, қалада тұмауға қарсы вакциналаудың жалғасып жатқанын, ол - маусымдық тұмаудың алдын алудың ең тиімді жолы екенін атап өтті.

«Халыққа тұмауға қарсы екпе егу әдетте қазан-қараша айларында, вирустың маусымдық айналымы басталғанға дейін жүзеге асырылады. Алайда, вакцинаны жыл бойы алуға болады. Қала емханаларында қала тұрғындары тұмауға қарсы ресейлік «Гриппол +» вакцинамен егіле алады, - деді ол.

Спикер сонымен қатар, коронавирусқа қарсы вакцинаның болғанына қарамастан, тұмауға қарсы вакцинаны да салдыру керек екенін атап өтті.

Себебі, бұл - әртүрлі вирустарға әсер ететін екі түрлі вакцина.

Эльвира Ибрагимова Қазақстанмен шекаралас елдерде COVID-19 жағдайының нашарлауы салдарынан коронавирус ЖРВИ ретінде болуы мүмкін екеніне назар аударды.

«ЖРВИ-дің алғашқы симптомдары байқалса, емдеуді бастаған өте маңызды. Ол үшін тұмаудың алдын алу шараларын сақтау: маска тағу, қолды үнемі жуу, байланысты шектеу қажет. Сонда ғана инфекция басқаларға жұқпайды»,-деді дәрігер.


Автор Думан Арғынгелді
Басты сөздер: Вакцина,
Жоғары қарай