Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Коронавирус пен пневмониядан 12 адам қайтыс болды

2022 жылдың 25 қаңтар 2022 08:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус және коронавирус белгілері бар пневмониядан тағы 12 адам қайтыс болды. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.


23 қаңтардағы соңғы мәліметке сәйкес, ел өңірлерінде коронавирус пневмониясының жаңадан 29 жағдайы тіркелді, 1 адам қайтыс болды, 46 адам емделіп шықты.

Жалпы, 2020 жылғы 1 тамыздан биылғы 23 қаңтарға дейін коронавирус пневмониясына шалдықты – 85 568, жазылды – 78 877, қайтыс болды 5 250 адам.

Сондай-ақ министрлік мәліметіне сәйкес, коронавирус инфекциясынан елімізде тағы 11 адам қайтыс болды.

Жалпы, 2020 жылғы 13 наурыздан биылғы 24 қаңтарға дейін Қазақстанда коронавирус 1 166 697 адамнан анықталды, жазылды – 1 000 550, қайтыс болды 13 513 науқас.





Жоғары қарай